Новости

Жетісу газы жаһандық тренд көшінде

Yesterday, 09:23
2 mins read
158
Жетісу газы жаһандық тренд көшінде

Биыл Жетісу облысының құрылғанына 3 жыл  толуда. Кез келген өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі энергетика көздеріне тікелей байланысты. Облыс мәртебесі берілгеннен кейін өңірдің табиғикөгілдір отынмен ауқымды қамтамасыз етілуі жаңааймақтың тынысын кеңінен ашты.

Облыс құрылғанға дейін Жетісу өңірінде небары тек 5 елдімекен газдандырылған болса, дәл қазіргі күні оныңсаны 84-ке жетті. Алматы облысымен шектесіп жатқаноблысты көгілдір отынмен 1 262 шақырымды құрайтын газ құбыры арқылы «QazaqGazAimaq» АҚ-ың Жетісу өндірістікфилиалы қамтамасыз етіп отыр. Абонент саны 101,8 мыңға жетіп үлгерді.

Бір Талдықорған қаласының өзінде газ өткізу қуатысағатына 200 мың текше метрді құрайды, бұл - ауқымдыкөрсеткіш. Жалпы облыс орталығын газдандыру IV кезеңгежоспарланған. Шаһардағы сегіз саяжай алабын қосқандагазбен қамтылу деңгейі қазірдің өзінде 90,3% -ға жетті. Бұлқала әлеуеті мен тұрғындар өмірінің сапасын арттыруғажасалған тағы бір игі қадам.

2024 жылдың тамыз айында құрылысы басталған«Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры да маңызды инфрақұрылымдық жобаның бірі де бірегейі. Нысан 2025 жылдың күзінде пайдалануға беріледі депкүтілуде. Бұл жобаны іске асырудың нәтижесінде 124 мыңтұрғыны бар Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандарының 66 елдімекені газбен қамтамасыз етілмекші. Сонымен қатар 18 мың халық тұратын Ескелді, Сарқан, Алакөл ауданындағы18 елдімекенді де қосымша газдандыру жоспарлануда.

Жалпы аймақты газдандыру деңгейі осы күні 58,2 %. «Жетісу облысын 2030 ж дейін кешенді газдандыру» аймақтық жобасына сәйкес, 2028 жылға қарай барлығы 356 елдімекеннің 192-сі табиғи газға қосылуы тиіс. Биыл, яғни2025 жылдың аяғына дейін Кербұлақ ауданының 25, Панфилов ауданының 12 елдімекені газбен қамтылмақшы. Жиыны 84 елді мекенге көгілдір отын жеткізу жұмыстарының сәтті аяқталуы нәтижесінде облысқа газ беру 71,4%-ға жетіп, 126 елді мекен жайлы тұрмысқа қол жеткізеді деген сөз.

Газдандыру қарқыны жалғасын табатын болса, алдағыүш жылда өңірдің 624 мыңнан астам тұрғыны - 91 пайыз тұтынушы табиғи газ игілігін көретін болады.

Қорыта айтсақ, Жетісу облысын кең ауқымда газбанқамту - бұл тек әлеуметтік жоба ғана емес, көміртек зияныназайту мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасынарттыруға бағытталған тұрақты дамудың жаһандықтрендіне сәйкес стратегиялық бастама.

 

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

12 маусым
11 маусым