Елорда күніне орай БАҚ өкілдері арасында «Таза Қазақстан-Таза Астана» байқау жарияланды

Науқасқа тегін жасалған ота өмірін сақтап қалды

Бүгін, 06:19
1 mins read
126
Науқасқа тегін жасалған ота өмірін сақтап қалды
МӘМС

Түркістан облысында бауыр циррозының асқынуы нәтижесінде өңештің варикозды кеңею белгілерімен ауруханаға түскен науқасқа жоғары технологиялық ота жасалып, оның өмірі сақталды.

Науқастың диагнозы – «Бауыр циррозындағы өңештің варикозды кеңеюінің белгілері». Дәрігерлер қан кету қаупінің алдын алу үшін жедел шаралар қабылдады. Диагностика мен ота Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жасалды.

Операцияны Амбулаториялық-хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, хирург-эндоскопист Джаббаров О.Д. жүргізді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы, ол ауруханадан үйіне шығарылды.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда қан кетуді тоқтату мәселесі эндоскопиялық тексеру (ФГДС) немесе зонд қою арқылы шешіледі. Асқазан жуылып, жаңа қан бөлінуі бақыланады. Егер қан кету жалғасса, науқасқа қосымша медициналық көмек көрсетіледі.

Асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы – тұз қышқылы мен пепсин әсерінен шырышты қабықтың зақымдануымен сипатталады. Оның негізгі себептерінің бірі – Helicobacter pylori бактериясы. Бұл дерттің асқынуы асқазан-ішек жолынан қан кетуге әкелуі мүмкін.

9fb75e8d-8bbc-4b81-8eb7-243f5f06365e.webp

Түркістан облысының дәрігерлері күрделі жағдайларды уақтылы анықтап, МӘМС аясында тегін көмек көрсетуді жалғастыруда.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бүгін