LRT в Астане обещают запустить до конца 2025 года

Ишемиялық инсульттен кейін қайта аяққа тұрды

Yesterday, 12:57
2 mins read
186
Ишемиялық инсульттен кейін қайта аяққа тұрды
МӘМС

Ишемиялық инсульт — миға баратын қан тамырының бітелуі нәтижесінде пайда болатын, ми жасушаларының оттегі мен қоректік заттардың жетіспеушілігінен зақымдануына әкелетін ауыр диагноз. Бұл дерт — жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қажет ететін шұғыл жағдай. Алғашқы 4,5 сағат — науқастың тағдырын шешетін «алтын уақыт» саналады.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының нейроинсульт бөлімшесіне ишемиялық инсульт диагнозымен түскен науқас уақытылы көрсетілген кәсіби көмектің арқасында өмірге қайта оралды. Ем-шара МӘМС есебінен жүзеге асты.

Пациенттің алғашқы шағымдары:

– Қан қысымының тұрақсыздығы

– Ентігу

– Жүріс-тұрысының бұзылуы

Бөлімшеге жатқызылған сәттен бастап науқасқа толыққанды диагностикалық және емдеу шаралары көрсетілді. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты, оң динамика байқалуда.

? Науқас өз алғысын ерекше ықыласпен төмендегі медицина қызметкерлеріне жеткізді:

• Тилеубердиева Динара Дархановна — нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі

• Досбаева Меруерт Мыңболатовна — емдеуші дәрігер-невролог

• Усманова Аягөз Тастанбековна — массажист

? Ишемиялық инсульт кезінде емдеу мен оңалту жолдары:

? Тромболитикалық терапия — қан ұйындысын ерітіп, миға қан ағымын қалпына келтіреді

? Дәрілік ем — ми қан айналымын жақсартады

? Реабилитация — массаж, жаттығу терапиясы, логопедиялық көмек

? Алдын алу шаралары — артериялық қысымды бақылау, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, белсенді өмір салты

Ишемиялық инсульт – уақытпен жарысатын күрделі диагноз. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында мұндай ауыр жағдайлар сапалы емделіп, науқастардың қайта аяққа тұруына мүмкіндік жасалып келеді. Бұл — дәрігерлердің кәсіби біліктілігі мен өз ісіне деген шынайы адалдығының нәтижесі.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday