News

Арал ауданының тұрғындарының назарына!

Yesterday, 12:43
1 mins read
191
Арал ауданының тұрғындарының назарына!
Қызылорда облысы ТЖД

Арал ауданының тұрғындарының назарына!

 

         2025 жылғы 21 қараша күні сағат 10:00-де «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде Арал ауданы аумағында «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аудандық азаматтық қорғаныс құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Сонымен қатар оқу-жаттығудың практикалық кезеңі жүргізіледі.

         Іс-шараның мақсаты — қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру.

         Оқу-жаттығу барысында шартты дабылдар беріліп, арнайы техникалар мен мамандар қатысатын жаттығулар жүзеге асырылады.

         Тұрғындардан сабырлық сақтауды және үрейге бой алдырмауды сұраймыз.

 

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті

 

 

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday

Соңғы жаңалықтар

19 қараша