Республиканский этап конкурса «Одно село – один продукт»

Пациенттердің пікірі медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал етуде

Сегодня, 10:42
2 мин. чтения
85
Пациенттердің пікірі медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал етуде
МӘМС

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, 2026 жылдың 8 айында тұрғындардан медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты 505 арыз-шағым түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 328 өтінішке немесе 39,4%-ға аз.

Оң динамика облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Қор филиалы және медициналық ұйымдардың бірлескен жұмысы, өңірлік штаб отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалуы нәтижесінде қалыптасты.

Пациенттерді қолдау қызметінің 2 996 маманына арналған 23 оқыту семинары өткізілді. Нәтижесінде тұрғындардың мәселелерін тікелей медициналық ұйымдар деңгейінде шешу сапасы жақсарды.

Түскен өтініштердің басым бөлігі медициналық көмектің сапасына, қызмет көрсетуден бас тартуға, дәрілік заттардың берілмеуіне, емханаға тіркелуге, ақпараттық жүйелерге қате мәлімет енгізуге, медициналық қызметті ұзақ күтуге, медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологиясына, сондай-ақ қайталанатын өтініштерге қатысты болды.

Көптеген азаматтар медициналық ұйымда туындаған мәселе бойынша бірден Қорға жүгінеді. Алайда мұндай мәселелердің басым бөлігін әрбір емхана мен ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі арқылы сол жерде шешуге болады.

Аталған қызмет медициналық көмектің ұйымдастырылуы мен сапасын талдайды, қызметтердің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бақылайды, пациенттердің құқықтарын қорғайды және олардың өтініштерін қарайды. Қызметтің жұмысы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен реттеледі.

Қор медициналық ұйымдардағы Пациенттерді қолдау қызметтерімен тұрақты жұмыс жүргізеді. Ай сайынғы семинарларда репутациялық менеджмент, кәсіби этика мен деонтология, медицина қызметкерлерінің ар-намыс кодексі және нақты арыз-шағымдарды қарау тәртібі түсіндіріледі.

Сонымен қатар, медициналық ұйымдарда «Qalqan» цифрлық сервисінің жеке QR-кодтары орналастырылуда. Пациенттер медициналық ұйымға барғанын eGov Mobile, Halyk Bank, Kaspi.kz, Freedom және басқа да мобильді қосымшалар арқылы растай алады. Бұл медициналық қызметтердің ашықтығын арттырып, көрсетілмеген қызметтерді тіркеу жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Медициналық көмек алу барысында мәселе туындаса, азаматтар алдымен медициналық ұйымдағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне алады. Сондай-ақ өтінішті Қордың msqory.kz ресми сайты немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жолдауға болады.

Түскен барлық өтініштер толық шешілгенге дейін бақылауда болады. Оларды талдау нәтижелері МӘМС және ТМККК аясындағы медициналық көмектің ашықтығын, қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдауға негіз болады.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях

Последние новости

Вчера
07 сентября