В ближайшие дни во многих регионах Казахстана пройдут кратковременные дожди

Балалар үйінің тәрибеленушілері жұмысшы мамандықтарды меңгереді

19 мар., 12:50
1 mins read
1068
Балалар үйінің тәрибеленушілері жұмысшы мамандықтарды меңгереді
Samruk-Kazyna Trust

15 наурыз - Қайырымдылық күні қарсаңында балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін кәсіби бағдарлауды көздеген «Samruk Úmiti» жобасы бастау алды. Жоба «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асады.

         Бірегей білім беру жобасы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 100-ге тарта оқушыны қамтиды. Осылайша алдағы уақытта 8-9 сынып оқушылары арасында іріктеу жүргізіліп, жұмысшы мамандықтарды таңдаған балаларға кәсіби бағдарлау шаралары өткізіледі. Ал қыркүйек айында колледждерге түсуге оқыту және кеңес беру түрінде көмек көрсетіліп, кейін оқу орнында тәлімгерлік қамқорлыққа алынады. Әрі қарай өңірде орналасқан «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларына жұмысқа тұруына ықпал етіледі.

         «Бұл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында адами капиталды арттыруға, жаңа кадрларды дайындауға септігін тигізетін жобалардың бірі болмақ. Балаларды кәсіби бағдарлау үшін кешенді бағдарлама әзірленіп, онда жобаның барлық кезеңінде менторлық қолдау мен сүйемелдеу көрсетіледі. Олардың мамандықты саналы түрде таңдап, әрі қарай табысты маман атанулары үшін жан-жақты қолдау білдіреміз», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының басшысы Альфия Адиева.

         Осы аптада Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдіктерімен жоба бойынша тиісті ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылды.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
31 марта
30 марта