Вице-министром индустрии и инфраструктурного развития назначен Азамат Бейспеков

Түлкібаста балаларға күрделі урологиялық ота жасалды

24 шіл, 07:36
2 mins read
157
Түлкібаста  балаларға күрделі урологиялық ота жасалды
МӘМС

Түлкібас аудандық орталық ауруханасында балалар урологиясы саласындағы медициналық көмектің сапасын арттыруға және мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге бағытталған шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалардағы зәр шығару жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған ақауларын емдеу, сондай-ақ күрделі урологиялық операциялардан кейінгі асқынуларды басқару мәселелері талқыланды.

Шеберлік сабағына Түркияның Стамбул қаласындағы Демироглы Білім университетіне қарасты Флоренс Найтингейл университеттік клиникасының балалар урологы, профессор, доктор Керем Шейхмус Өзел қатысып, отандық мамандармен тәжірибе алмасты.

Маманның қатысуымен балаларға екі күрделі урологиялық ота жасалды. Бір науқасқа несептің қуықтан бүйрекке кері өтуін тоқтату мақсатында Коэн әдісімен сол жақ несепағарды қуыққа қайта жалғау отасы жүргізілді. Балаға бұған дейін екі рет эндоскопиялық ем жасалған.

Ал екінші науқасқа зәр шығаратын өзектің тарылуына байланысты эндоскопиялық әдіспен өзекті кеңейту және қалпына келтіру отасы жасалды.

Шеберлік сабағының басты мақсаты – балалар хирургтары мен урологтардың тәжірибе алмасуына, заманауи емдеу әдістерін тәжірибеге енгізуге және күрделі урологиялық аурулары бар балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік жасау.

Айта кетейік, МӘМС жүйесі аясында медициналық көрсетілімдер болған жағдайда бейінді мамандардың консультациясы, диагностикалық тексерулер және жоғары технологиялық медициналық қызметтердің жекелеген түрлері көрсетіледі. Медициналық көмек алу тәртібі науқастың сақтандыру мәртебесі мен медициналық көрсетілімдеріне сәйкес анықталады.

Мұндай шеберлік сабақтары заманауи медициналық технологияларды дамытуға және білікті мамандардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге жол ашады.

https://adilet-partiyasy.kz/kz
Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз