С 2026 года казахстанцам аннулируют задолженности по ИПН при снятии пенсионных накоплений

Аймақ дәрігерлеріне МӘМС жаңашылдықтары түсіндірілді

21 сәу, 13:02
1 mins read
371
Аймақ дәрігерлеріне МӘМС жаңашылдықтары түсіндірілді
МӘМС

Сауран ауданында медициналық ұйым дәрігерлеріне арналған оқу-семинар өтті. Жиынды медициналық сақтандыру қорының өкілі ұйымдастырып, оған аудандық емхана, «Авицена» және «Аль-Каусар» медициналық орталықтарының аймақ дәрігерлері қатысты.

Семинар барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындардың жүйеге қатысуының маңыздылығы мен оның қолжетімділігі туралы ақпарат берілді.

Маманның айтуынша, бүгінде МӘМС жарналарын төлеу процесі айтарлықтай жеңілдеген. Атап айтқанда, Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлем жасау бұрынғыға қарағанда ыңғайлы бола түскен. Егер бұрын әр ай үшін төлемді жеке-жеке енгізу қажет болса, енді барлық берешекті бір төлеммен өтеуге мүмкіндік бар.

Қосымша автоматты түрде қай айларға төлем жасау қажеттігін анықтап, пайдаланушыға дұрыс бағыт береді. Бұл өз кезегінде қателіктердің алдын алып, уақытты үнемдеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, жүйе төлеушінің мәртебесін (жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер) өздігінен анықтап, тиісті төлем сомасын есептейді.

Осылайша, МӘМС жарнасын төлеу процесі анағұрлым тез, түсінікті әрі қолжетімді бола түсті.

Қызметті Kaspi.kz қосымшасынан келесі бөлім арқылы табуға болады:

Төлемдер → Айыппұлдар мен салықтар → Сақтандыру мәртебесін тексеру

Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бүгін