Токаев подписал меморандум о взаимопонимании в области банковского надзора с Южной Кореей

Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды

27 сәу, 08:28
2 mins read
391
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
Пресс-служба ТОО "Астана Тазалық"

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ерекше шара өтті. «Астана Тазалық» ЖШС, қалалық кәсіптік-техникалық колледж және Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұжымдары бірлесіп ағаш отырғызды.

Түрлі сала өкілдерін бір мақсатқа біріктірген акция барысында 100-ден астам ағаш көшеті отырғызылды. Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде үш ұйым арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат экологиялық мәдениетті дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және табиғатқа ұқыпты қарау құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған.

Мұндай бастамаларда коммуналдық қызмет саласы қызметкерлерінің рөлі ерекше. Олар күн сайын қала тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырады. Саладағы жетекші кәсіпорындардың бірі – «Астана Тазалық» ЖШС, мұнда 2000-нан астам қызметкер еңбек етеді және 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

a1a469cb-5ff9-4c08-8978-fdfc6459f101.webp

«Мұндай акциялар – тек қаланы көгалдандыруға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды тетігі. Әртүрлі сала өкілдерінің бір мақсатта бірігуі қоғамда жаңа жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады», – деді «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры Альберт Есалиев.

Өз кезегінде медицина саласының өкілдері де экологиялық акциялардың маңыздылығын атап өтті.

«Дәрігер ретінде біз үшін экологияның саулығы – ұлт денсаулығының кепілі. Бүгін міне акция аясында кәсіби-техникалық колледжбен және «Астана Тазалық» мекемесімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық», – деді Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма төрағасы Ержан Әділбеков.

a1a469e1-7c0c-4018-ab26-3374dcd9110d.webp

Ал білім беру саласының өкілдері мұндай іс-шаралардың жастардың экологиялық санасын қалыптастырудағы рөліне назар аударды.

«Мұндай бастамалар студенттер үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Жастар табиғатты қорғаудың маңызын іс жүзінде түсініп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйренеді», – деді кәсіптік-техникалық колледж директорының міндетін атқарушы Жанна Баймұратова.

a1a469ef-645a-4a11-b2cd-9cfe6856c79a.webp

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бүгін