Глава государства назначил ряд послов и постоянных представителей Казахстана

Маңғыстауда жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және логистика мәселелері талқыланды

бір сағат бұрын
2 mins read
48
Маңғыстауда жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және логистика мәселелері талқыланды

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы өңірлердегі сайлауалды кездесулерін Маңғыстауда жалғастырды. Түркістан облысынан кейін партияның Құрылтай депутаттығына кандидаттары Ақтауда болып, тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен жүздесті.

Алғашқы кездесу қаладағы Достық үйінде өтті. Қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, педагогтер, дәрігерлер, экологтар мен жастармен өткен басқосуда жұмыспен қамту, медициналық қызметтің қолжетімділігі, мобильді байланыстың сапасы, халықты әлеуметтік қолдау және өңірді дамыту мәселелері сөз болды.

Партия төрағасы Айбек Дәдебай жиылған қауым алдында сөз алып, жұртшылықты партияның негізгі мақсатынан тағы бір хабардар етті. 

«Мемлекет басшысының стратегиялық бағыты заманауи, әділетті әрі қуатты Қазақстанды құруға бағытталған. Осы міндеттерді іске асыру үшін «Әділет» партиясы негізгі бағыттарды қамтитын кешенді жоспар әзірледі», – деді «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай.

Бағдарламамен таныс еткен төраға орынбасары Рауан Кенжеханұлы тұрғын үй жағдайын жақсарту, ауылдық аумақтарды дамыту және азаматтарға тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған бастамалар жайын кеңінен тарқатып берді.

Ал Құрылтай депутаттығына кандидат Аят Сүгірбай әлеуметтік саясат, отбасыларды қолдау және балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы ұсыныстарға тоқталды. 

«Біз әлеуметтік көмек әділ болуы керек деп есептейміз. Бірақ ол масылдыққа апармай, керісінше, адамға өздігінен өмір сүруге, еңбек етуге және қоғам өміріне толыққанды араласуға мүмкіндік беруі қажет», – деді Аят Сүгірбай.

Сапар аясында партия өкілдері өңірдегі ірі өндіріс орындарын да аралады. «ҚазАзот» АҚ ұжымымен кездесуде еңбек қауіпсіздігін күшейту, өндірісті жаңғырту және коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту мәселелері талқыға түсті.

Келесі кездесу Ақтау халықаралық теңіз сауда портына қарай ойысты. Онда порт қызметкерлерімен, балық шаруашылығы саласының және теңіз сервистік ұйымдарының өкілдерімен өткен бірқатар мәселе талданды. Айталық, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, отандық тасымалдаушыларды қолдау және порт инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері қазір өзекті болып тұр. Саяси ұйым делегаттары Ақтау порты Қазақстанның Еуразиядағы маңызды логистикалық орталықтарының бірі ретінде стратегиялық маңызға ие екенін қаперге ұстайтындарын білдір кетті.

Республикалық штабтың жұмыс сапары әрі қарай Жаңаөзен қаласында жалғасады. Мұнда кандидаттар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Ал Маңғыстау облысындағы сапар «ӘDILET EVENT» қоғамдық-мәдени акциясымен қорытындыланады. Керемет шарадан құр қалғысы келмегендер Ақтау қаласындағы амфитеатрға бет алса болады.

 

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

https://adilet-partiyasy.kz/kz
Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Мәтінде қате бар ма? Бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Қатені бөлектеп, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз

Соңғы жаңалықтар

Бүгін